Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) ұсынған кандидаттардың тізімін тіркеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Халық партиясы алдағы сайлауға 72 кандидатты ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы барлық кандидатты тіркеп, партия өкіліне арнайы куәліктерін тапсырды.
ҚХП тізіміне бұрынғы депутаттар Ирина Смирнова, Асылбек Нұралин және Кенжеғұл Сейітжан енген. Танымал адамдар арасынан әнші Тамара Асар мен Аша Матайды атап өтуге болады. TikTok-та танылған мұғалім Игорь Гноевой да партиялық тізімге енді. Сондай-ақ, осы партия атынан экс-сенатор мен бұрынғы вице-министр сайлауға түспекші.
ҚХП сайлау жарнасынан босатылды, себебі бұған дейінгі сайлауда 5 пайыздық межеден асып, Мәжіліске өткен болатын.
