Орталық сайлау комиссиясы соңғы партиялардың кандидаттарын тіркеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін түске дейін комиссия мүшелері ӘDILET партиясының тізімін тіркеді. Тізімге президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерлан Карин, «Қазақтелеком» АҚ төрағасы Бағдат Мусин, Жоғары аудиторлық палатаның бұрынғы басшысы Наталья Годунова, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және басқа да мемлекеттік қызметшілер енген. Сондай-ақ, тізімде бұрынғы депутаттар Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Никита Шаталов, Мұрат Әбенов, Екатерина Смышляева, Сергей Понамарев, Максим Рожин, Снежана Имашева және Марат Башимов бар.

Түстен кейін комиссия сайлауға қатысатын соңғы партия – «Ауылдың» кандидаттарын тіркеді. 69 адамнан тұратын партиялық тізімде бұрынғы депутаттар Қарақат Әбден, Серік Егізбаев, Жигули Дайрабаев, Ерболат Саурықов және Николай Арсютин бар. «Ауылдың» жаңа төрағасы Қайрат Айтуғанов та кандидаттар қатарына қосылды.

Айта кетері, әрбір партияның қысқаша тарихын оқуға болады.