Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын», - деп жазылған жарлықта.

Еске сала кетейік, бүгіннен бастап жаңа Конституция күшіне енді. Оған сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Қыркүйек айында Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғаннан кейін екі айдың ішінде вице-президент тағайындалады. Құрылтай депутаттары келісім беруі керек.