Құрылтай компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы заңды қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Еуропа Кеңесі бұл конвенцияны 2001 жылы бекіткен болатын. Бұл құжат ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күресуге бағытталған алғашқы халықаралық шарт болып саналады.
2023 жылы Қазақстанға осы конвенцияға қосылу туралы ұсыныс түскен болатын. Конвенцияда халықаралық құқықтық көмек көрсету тетіктері қарастырылған.
Олар: - экстрадициялау; - ақпарат алмасу; - бірлескен тергеу әрекеттерін жүргізу; - компьютерлік жүйелер мен желілер мен деректерді теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау; - осындай қылмыстық әрекеттерді анықтауға және тергеп-тексеруге жәрдемдесу; - компьютерлік қылмыстарды жасағаны үшін сот қудалауын мемлекетішілік деңгейде де және халықаралық деңгей де жүзеге асыру; - жедел және сенімді халықаралық ынтымақтастыққа қатысты уағдаластықтарды әзірлеу.
"Заң киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру, шет мемлекеттермен электрондық дәлелдемелермен және ақпараттармен жедел алмасу, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін құқықтық негіз құруға бағытталған", - дейді депутаттар.
