Қазақстанда Құрылтай есімді азаматтар сайлауға қатысып, өз дауысын берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда Құрылтай есімімен екі адам дауыс беріп үлгерген. Құрылтай Сәткенбаев Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаса, Әуезов ауданында Құрылтай Мансұров №140 сайлау учаскесіне барды.

"Бүгін - қуанышты күн. Бәріміз Қазақстанның жаңаруы, жастардың болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз. Қазақстан алға!", - дейді Құрылтай Мансұров.

Маңғыстау облысында Құрылтай Хожабаева тұрады. Бүгін ол Ақтаудағы №270 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып барған.

"Менің есімім – Құрылтай, ал бүгін мен Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып отырмын. Сондықтан сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келгім келді. Сайлауға қатысу – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз деп есептеймін", – дейді Құрылтай Хожабаева.

Айта кетері, Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады.