Құрылтай депутаты Татьяна Савельева қызметтен өз өтініші бойынша кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Құрылтай депутаттары Орталық сайлау комиссиясының ұсынымын қарады. Комиссия хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, 6 қазанда депутаттың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші түскен.

Заң бойынша Құрылтай тиісті қаулыны қабылдайды. Депутаттар қаулыны бірауыздан мақұлдады.

Ал спикер Айбек Дәдебай әріптесіне жаңа қызметте табыс тіледі.