Құрылтайда қоғамдық қабылдау қызметі ашылды. Сол арқылы әрбір депутатпен жеке кездесуге болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттың қабылдауына Құрылтай сайтында жазылуға болады. Сол жерде кездесудің күнін және уақытын көрсету керек. Сайтта жазылу сатысын тексеру қызметі де бар. Қолма-қол өтініш те беруге мүмкіндік бар.

Жазылу жолдары

Ресми хабарламада атап өтілгендей, Құрылтай депутатының қабылдауына бірнеше жолмен жазылуға болады:

  • 01Құрылтайдың ресми сайты арқылы электрондық өтініш жолдау;
  • 02жазбаша немесе қолма-қол өтініш беру;
  • 03тікелей ауызша жүгіну.

"Құрылтай депутатының қабылдауына Құрылтайдың ресми сайты арқылы электрондық өтініш жолдау, жазбаша немесе қолма-қол өтініш беру, сондай-ақ тікелей ауызша жүгіну арқылы жазылуға болады", - делінген ресми хабарламада.

Жауапты депутаттар

Құрылтайда қоғамдық қабылдаудың жұмысын үйлестіруге депутаттар Константин Авершин, Айжан Аймағанова мен Шолпан Каринова жауапты болады.

Құрылтай бюросы қоғамдық қабылдауда депутаттардың азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын да әзірледі.