Алматыдағы гимназиялардың бірінде өткен іс-шара кезінде алты оқушы уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Оқиға 9 ақпанда №199 гимназияда болған. Мектептегі іс-шарадан кейін бірнеше оқушы жөтеліп, көздері жасаурай бастаған. Оқушыларды тексерген мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған.
««Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына 12 жастағы алты баланы «құрғақ тұманмен» жіті улану белгілерімен жеткізді. Барлығы бірден токсикология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр, бірақ тұрақты. Балалар толық көлемде ем қабылдап жатыр», – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.»
—
Қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша жабдықты қолдануға рұқсат берген мұғалім тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Ұлттық сараптама орталығының мамандары ауа сынамаларына зертханалық зерттеу жүргізді, оның нәтижелері кейінірек жарияланады.
Фото: Әлеуметтік желіден
