Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі жер теліміне қатысты заң бұзушылықты анықтады. Жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесі 1999 жылы заңсыз түрде жеке меншік құрылымдардың пайдасына берілген, кейіннен бірнеше рет қайта сатылған.

Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот арқылы сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп тануға қол жеткізді. Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның меншігіне берілді.