Фото: dalanews.kz

Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебінің директоры Айдар Биназаровқа қатысты даулы жағдай туындады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Мектептің тоғыз педагогы басшыға шағым түсіріп, оның өздерінен жалпы сомасы 9 млн теңге көлемінде қарыз алып, қайтармай жүргенін мәлімдеді.

««Мұғалімдердің айтуынша, директор қарызды өтемеуінің себебін «директормын, сондықтан қайтарудың мәні жоқ» деген сөздермен түсіндірген болуы мүмкін. Сондай-ақ педагогтар Биназаров бұл қаражатты букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсауы мүмкін деген болжам жасап отыр», — дейді Egov.press телеграм арнасы.»

Аталған дерек бойынша жергілікті полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны хабарланды.

Қосымша мәліметтер тергеудің нәтижесіне байланысты жария етіледі.