Атырау облысының Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы мектеп ішінде құрдастарына балтамен шабуылдап, екі адамды жарақаттады, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Оқиға Пушкин атындағы №6 мектепте болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірімнің қолына балта ұстап, басқа оқушыны қуғаны, ал жәбірленушінің сыныпқа кіріп, есікті жауып үлгергені анық көрінеді.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл деректі растады. Ведомствоның хабарлауынша, оқушылар арасындағы жанжалдан кейін 10-сынып оқушысы осындай қадамға барып, артынша мектеп аумағынан қашып кеткен.

««Салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алды. Жасөспірімнің жеке басы анықталып, қазір ұсталды», — деп хабарлады полиция қызметі.»

Фото: Әлеуметтік желіден