«Қазақстан темір жолы» компаниясы пойыздарды Starlink спутниктік интернетімен жабдықтау жобасын, сондай-ақ басқа да цифрлық шешімдерді ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператордың хабарлауынша, бұл бастама 51 бағыт бойынша 1500-ден астам вагонды қамтиды және жыл сайын 11 миллионнан астам жолаушыны интернетпен әрі заманауи цифрлық қызметтермен қамтамасыз етеді.

Жоба Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында таныстырылды. Пойыз басшылары вагондардағы Wi-Fi желісінің қалай жұмыс істейтінін нақты уақыт режимінде көрсетті.