Қостанайда Ш. Жәнібек көшесіндегі күнбағыс майы мен күнжара қоймасында өрт шығып, оқиға орнына ҚТЖ өрт пойызы жіберілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру есептері қойманың ашық жалынмен жанғанын анықтаған. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, бөлімшелер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеуде.

Нақтыланған ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өртті локализациялау мүмкін болды.

Өрт сөндірушілер отты толық жою жұмыстарын жалғастыруда.

Бұған дейін «Курсив» Астанада киім дүкенінің ашылуына бір күн қалғанда өртеніп кеткені туралы хабарлаған болатын.