Қостанайда полициядан қашқан көлік жүргізушісі көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 25 қазанда кешкі уақытта болған. Көлік жүргізушісі полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қаша жөнелген.
Ал қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, автобустың бүйіріне соқтығысқан. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Автобуста 55 жолаушы болған. Екеуі медициналық көмекке жүгінді.
Полиция тергеу шараларын бастады.
