Қостанайда әкесі мен қызы суға батып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 16 тамызда болды. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Әкесі мен қызының денелері судан алынды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
