Қостанайда жол жиегінде 35 жастағы Лисаковск тұрғынының денесі табылды. Оны көлік қағып кеткен, ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің денесін таңертең ерте жолдан өтіп бара жатқан жүргізушілер тапқан. Ол кезде әйел тіршілік белгілерін көрсетпеген.

Полиция «Перехват» жоспарын жариялап, бірнеше сағаттан кейін күдіктіні – 42 жастағы жүргізушіні анықтады. Оның ақ түсті кроссоверінің соққыдан кейін бамперінің бір бөлігі ұшып кеткен.

«Көлік Қостанай қаласында қысқа мерзімде анықталды. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деді Қостанай облысы ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Екатерина Рабцун.

Тергеушілер апаттың мән-жайын және жүргізуші оқиға орнында қалып, көмек көрсеткенде әйелді құтқарып қалу мүмкіндігі болған-болмағанын анықтауда.