Қостанай облысындағы Жайылма ауылы маңында, Қостанай – Қарабұтақ автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Chevrolet Cobalt және Jetour X70 көліктерінің соқтығысуы салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Қалған бес адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.
