Қостанай облысында полицей жылқы жарысы кезінде баланы ажалдан құтқарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейімбет Майлиннің 90 жылдығына арналған ат жарысы кезінде оқыс оқиға болды. Жарыс барысында бір бала аттан құлап, артынан келе жатқан жылқылардың тұяғы астында қалуға шақ қалды. Алайда қызметтегі сержант Дастан Дарибай лезде әрекет етіп, баланы қауіпті аймақтан алып шықты.
Облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерде бұл оқиғаның шошынарлық бейнежазбасын жариялады. Конвой қызметінің қызметкері іс-шарада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп тұрған. Ол жолға жүгіріп шығып, баланы көтеріп алып, қауіпті аймақтан бірнеше секунд ішінде шығарып үлгерді.
«Оқиғадан кейін баланы жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол ауыр жарақат алмаған», — деп хабарлады полиция.
Бұған дейін «Курсив» Ақмола облысында үш жасар баланың ат жарысы кезінде жылқы тұяғы астында қалып, ауыр жарақат алғаны туралы жазған болатын.
