Қостанай облысында ер адам 6 жастағы немересімен суға батып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 16 маусым күні болған. 1972 жылы туған ер адам 6 жастағы немересімен бірге суға түсіп, көз жұмған. Құтқарушылар екі адамның мәйітін судан тауып алды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
