Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды. Оқиға Федоров ауданы Копыченка ауылында болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Анықталғандай, камаз жүргізушісі астықты шаруа қожалығынан тасымалдап, 100 тоннасын жасырып қалған.

Полицейлер кінәліні анықтап, ұрланған егінді иесіне қайтарып берді. Құқық қорғау органдары егін жинау кезінде бұл оқшауланған жағдай емес екенін атап өтті.

Бір жыл ішінде аймақта оннан астам осындай ұрлық орын алды.

Тәртіп сақшылары бұл әрекет үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар екенін еске салады.