Қостанай облысы «Қайрақ» автомобильдік өткізу пунктінде вейптерді заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 29 маусымда болған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, «тыйым салынған 27 624 дана тауар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасынан табылды». Тәркіленген электронды тұтыну жүйелерінің жалпы құны 500 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
