Қосшы қаласын газдандыру жобасы толығымен аяқталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде қаланың барлық шағын ауданы, сондай-ақ "Лесная поляна" тұрғын алабы мен Diamond Park тұрғын қалашығы газға қосылды. Осылайша, 72 мыңға жуық адам көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.
Министрлік мамандарының айтуынша, жалпы Қосшы қаласын газдандыру үшін 357 шақырымнан астам газ тарату желілері салынып, бір блоктық және 44 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының 24 елді мекенінде табиғи газ бар. 2027–2028 жылдары Аршалы және Целиноград аудандарының тағы 12 елді мекенін газдандыру жоспарланып отыр.
Айта кетері, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2035 жылға қарай еліміздегі газдандыру деңгейін қазіргі 64,2%-дан 80%-ға дейін жеткізу керек.
