Фото: видео скриншот

Танымал әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Әнші Instagram парақшасына ауладағы жапырақтарды сыпырып жүрген видеосын жүктеген.

««Ана жолы үйдің артындағы жапырақтарды жинатқызбап едім, балконнан қарап тұрғанда сап-сары боп жата тұрсыншы деп. Күздің аяғында қимай-қимай жапырақтармен қоштасып жатырмын», — деп жазды әнші.»

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова аула тазалаушысы жоқ екенін, есік алдын сыпырумен өзі айналысатынын айтты.

««Қозғалыс — өмір, қандай керемет», «Мақпал ханым, күш-қуат берсін», «Денсаулыққа пайдалы», деп оқырмандары түрлі пікір жазды.»