Мәжілістің экс-төрағасы Ерлан Қошанов өзіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Қошанов Астанадағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Сол кезде журналистер әлеуметтік желіде тараған ақпарат жайында сұрады. "Жақында әлеуметтік желіде сізді ұсталды деген ақпараттар тарады. Сол жайында не айтасыз?", - деді тілшілер.

Экс-спикер оны фейк-ақпарат деп атады. "Ол кейбір деструктивті ресурстарда жарияланды. Елдің арасына іріткі салу, қоғамды адастыру мақсаты дем ойлаймын. Сондықтан осындай жалған дереккөздерге сенбей, ресми ақпарат көздеріне сүйенуіміз керек", - деді Қошанов.