Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Әділет" партиясымен бірігу туралы шешім қабылдағаннан кейін не істейтінін айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қошанов осы сессияны аяғына дейін жеткізетінін атап өтті. "Мен не істеймін? Мен 1 шілдеге дейін мәжілістің төрағасымын. Алдымызда әлі үлкен жұмыстар бар, әлі қабылданатын заңдар бар. Біздің басымыз қазір сонымен ауырып жатыр", - деді Қошанов Amanat съезінен кейінгі брифингте.
"Партияда қаласыз ба?" деген сұраққа ол: "Мен партиямыздың шешімдерін орындаймын", - деп қысқа ғана қайырды. Оның айтуынша, екі партияның бірігуі "біреумен қоштасу немесе амандасу" емес. "Біз алға жүріп келеміз, біз бүгінгі күнмен өмір сүреміз. Артқа жалтақтап отырған да жоқпыз", - дейді партия басшысы.
Еске сала кетейік, бүгін Amanat партиясының съезінде қатысушылар "Әділет" партиясымен бірігу туралы шешімді бірауыздан мақұлдады.
