Фото: eldos.kolobok/instagram

Белгілі блогер Елдос Қадырханов пен жұбайы 9 жыл бойы күткен қуанышқа жетті. Ерлі-зайыптылардың отбасында көптен күткен сәби дүниеге келді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

««Аллаға шүкір, сүйінші! Қош келдің, ұлым! Біз ата-ана болдық, ағайын!» – деп жазды Елдос әлеуметтік желідегі парақшасында.»

Желі қолданушылары жас ата-ананы қуаныштарымен құттықтап, ізгі тілектерін арнап жатыр.