Фото: BBC
Украина перзиденті Владимир Зеленский осымен Дональд Трамппен бір жылда төртінші рет кездесті. Келіссөздер Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында өтіп, екі жарым сағаттан астам уақытқа созылды. Бұл мемлекет басшыларының кездесуінің арасындағы ең ұзақ әңгіме болды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Украина президенті Владимир Зеленский Киев пен Вашингтон бейбітшілік пакеті аясында бірқатар құжаттарды келісуді аяқтағанын айтты. Әңгіме АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдіктері жөнінде.
Зеленский Трамппен келіссөздер қорытындысы бойынша:
- 01Алдағы апталарда реттеу параметрлерін талқылауды аяқтау үшін келіссөз жүргізуші топтардың қосымша кездесулері жоспарланды;
- 02Бейбіт жоспардың жекелеген тармақтарын референдумға шығару мүмкіндігін жоққа шығармады;
- 03АҚШ пен Украина арасындағы қауіпсіздік кепілдіктері толық келісілген, Еуропаның қатысуымен өтетін үшжақты форматты келісу де соңғы кезеңде талқыланып жатыр.
Трамп Зеленскиймен келіссөздер қорытындысы бойынша:
- 01Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесінде елеулі ілгерілеу бар;
- 02Алдағы екі аптада Зеленскиймен тағы да байланысқа шықпақ, соның бірі 29 желтоқсанға белгіленгенді;
- 03Келіссөздер процесінде әзірге шешілмеген бір-екі күрделі мәселе бар;
- 04Донбасс үстіндегі егемендік мәселесін әлі де талқылау қажет;
- 05Украина бойынша келісімге бірнеше апта ішінде қол жеткізу мүмкін екенін айтты;
- 06Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі жүк Еуропаның мойнына жүктеледі, ал АҚШ қолдау көрсетеді.
Баспасөз конференциясында Трамп қақтығыс шебі бойынша әзірге нақты келісім жоқ екенін, алайда тараптар мәмілеге жақындай түскенін айтты.