26 маусымда Астанада екі палаталы парламенттің соңғы отырысы өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Өкімде: "Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-ші тармақшасына сәйкес Қазақстан Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – делінген.

1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді. Оған сәйкес, қыркүйектен бастап Қазақстанда бір палаталы парламент – Құрылтай өз жұмысына кіріседі. Оған дейін Құрылтай депутаттары сайланады.