Жапониялық режиссер, «қорқыныш шебері» атанған Киёси Куросаваның алғашқы самурай фильмі «Самурай мен тұтқын» АҚШ кинотеатрларына шығады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фильм 31 шілдеде Нью-Йорк пен Лос-Анджелесте, содан кейін тамыз айында АҚШ-тың басқа ірі қалаларында көрсетіледі. Куросава көрермендердің реакциясына алаңдағанын айтты, бірақ фильм мамыр айында Канн кинофестивалінде тұсауы кесіліп, үлкен қошеметке ие болды.

Фильм Жапонияда биылғы жылы шығып, режиссердің ең танымал туындысына айналды. Басты рөлдерді Масахиро Мотоки, Юрико Ёситака және Масаки Суда сомдайды. Фильмнің дистрибьюторы — Janus Films.