Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өкімде былай деп жазылған: "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылсын".
Комиссияны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады.
Комиссия құрамына сондай-ақ мына лауазымды тұлғалар кірді:
- 01Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары;
- 02Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;
- 03Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
- 04Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы;
- 05Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
- 06Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары;
- 07Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
- 08Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды.
