Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, генерал-майор Айдос Мырзахметов қызметтің ұйымдастырылуымен және әскери қызметшілердің орналасу жағдайымен танысты.

Тексеру барысында министр казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударды.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа тағайындалған қорғаныс министрі әскери салаға қандай өзгеріс енгізілетінін айтқан болатын. Бұл туралы 28 қыркүйекте хабарланған еді.