21 қазаннан бастап Қонаев – Бақанас автожолының бір бөлігінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранованың айтуынша, ақыланатын учаскенің ұзындығы – 38 шақырым 965 метр.
«Бұл учаскенің ерекшелігі – жылдамдық режимінің өзгермелі болуында. Яғни жолдың әр бөлігінде рұқсат етілген жылдамдық әртүрлі. Сондықтан жол белгілеріне ерекше назар аударып, әр бөліктегі шектеуді сақтаңыз», – деді ол.
Камералар көліктің учаскенің басындағы және соңындағы бақылау аркаларынан өткен уақытын тіркейді. Жүйе қашықтық пен жолда жүрген уақытқа қарап, орташа жылдамдықты есептейді.
«Сондықтан тек камераның алдында ғана жылдамдықты азайту көмектеспейді: егер учаскеде рұқсат етілген жылдамдықтан асып кетсеңіз, құқық бұзушылық тіркеледі», – деп ескертті Ақтоты Боранова.
Ол жылдамдықты асыру әлі де тасжолдағы ауыр жол апаттарының басты себебі болып отырғанын еске салды. Елдегі жол апаттарының 33%-ы жылдамдықты арттыру салдарынан болып отыр.
