сурет

««45 түрлі көшеттер егіліп жатқан тұқымбақта қаламшадан, ұрықтан 600-700 мың көшет өндіріледі. Жылына 500-600 мың түп көшет елді мекендерге тегін үлестірілуде. Мұнда 70-ке жуық мамандар жұмыс істейді. Өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, жасыл белдеуді ұлғайту мен көгалдандыру жұмыстарын жандандыру керектігін тапсырды. Сондай-ақ алдағы уақытта ауданның топырағына бейім әрі қолайлы көшеттердің түрлерімен толықтыруды тапсырды», — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.»