«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов аппарат қызметкерлерінің саны неше адамға қысқартылғанын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның орталық аппаратында 400-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың 10 пайызы қысқартылды. «Аппарат 10 пайызға қысқартылды, ол – 47 адам», – деді Хасенов үкіметте өткен брифингте. Оның айтуынша, өтемақылар және тағы басқа төлемдер әрбір қызметкердің еңбек шартына қарай төленеді.
