Қазгидромет алдағы қыстың консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Орталықта қар көп түседі
Алдын ала болжамға сәйкес, қыс жылы, ал жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады.
"Алайда елдің солтүстік-батысының, солтүстігінің, солтүстік-шығысының жекелеген аудандарында және Орталық Қазақстанда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары болуы мүмкін", - дейді синоптиктер.
Ауа температурасы қандай болады?
Республика бойынша ауаның орташа температурасы:
- 01желтоқсанда климаттық нормадан 2°С жоғары;
- 02қаңтарда нормадан 1–2°С жоғары, ал солтүстік-батыста климаттық норма шамасында;
- 03ақпанда нормадан 1–3°С жоғары, ал солтүстік және шығыс өңірлерде климаттық норма шамасында.
Жауын-шашын мөлшері
Желтоқсан және қаңтар айларында елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормаға жақын болса, ақпан айында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары, ал елдің батыс бөлігінде климаттық норма шамасында болады.
Айта кетері, болжам консультативтік сипатта беріліп отыр. Нақты ауа райы болжамдық көрсеткіштерден өзгеше болуы мүмкін.
