Сәрсенбі, 10 маусымда синоптиктер Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады. Мамандар қырық градусқа жуық ыстық және қатты жауын-шашын туралы ескертті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел, екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Күндіз қатты ыстық 35 градус болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қонаевта батыстан соғатын жел, кейде екпіні 18-23 м/с. Күндіз қатты ыстық 35 градус болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) кейде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел, кейде екпіні 18-23 м/с.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай күтіледі, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда оңтүстік-батыстан соғатын жел, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35-36 градус сақталады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, шеткі батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, орталықта, оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде таңертең және күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз қатты ыстық 35 градус болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі, батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын жел, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Петропавлда жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын жел, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың көп бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35 градус сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.