Қазгидромет 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жел күшейеді
Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Тұман түседі
Солтүстікте, оңтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі.
Үсік қаупі
Алматы облысында, Жетісу облысында және Қызылорда облысының солтүстігінде 1-8 градус үсік күтіледі.
Өрт қаупі
Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
