Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президентке уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру іс-шаралары жөнінде мәлімет берілді.

«Бүгінде компания жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ауданы 124 шаршы шақырым болатын перспективті Қызылту учаскесін барлауды жоспарлап отыр», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» атом саласында биыл Үндістан мен Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен табиғи уран жеткізу жөнінде жаңа келісімшарттар жасалғаны айтылды.

Компания уран өндірісінің тиімділігін арттыру және сирек әрі сирек кездесетін ілеспе металдарды алу технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ жаңа жобаларға 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгені белгілі болды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.