«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жыл сайын өткізілетін «Үздік туристік ауыл» байқауының нәтижесін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл бастама тұрақты және экологиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ табиғи, тарихи әрі мәдени мұрасы ерекше ауылдық аумақтарды ілгерілетуге бағытталған.
2026 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік туристік ауылдарының бестігі: - **Басши** (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы); - **Торайғыр** (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы); - **Берел** (Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы); - **Коробиха** (Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы); - **Имантау** (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы).
Былтыр байқауда Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы), Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы) және Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары жеңімпаз атанған болатын.
Айта кетері, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының беделді «Best Tourism Villages by UN Tourism» марапатына ие болып, әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың қатарына енді.
