ҚР ТЖМ мамандары 18 маусым, бейсенбі күні Астана, Алматы және Шымкентте күтілетін ауа райы туралы мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Астана
Астанада ауа райы айнымалы бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C болады.
Алматы
Алматыда бұлтты, жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с дейін. Температура түнде +19…+21°C, күндіз +30…+32°C.
Шымкент
Шымкентте бұлтты, жаңбыр және найзағай болады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C.
Алдағы үш күндегі ауа райы болжамы
Бұған дейін «Курсив» басылымы «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметіне сүйене отырып, ыстық және суық ауа массаларының соқтығысуы мен атмосфералық тұрақсыздық салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталатынын жазған болатын. Солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қысқа мерзімді найзағайлы жаңбырлар өтеді. Ал ел орталығында нөсер жаңбыр, желдің күшеюі және тіпті бұршақ жаууы мүмкін.
