2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд долларға жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артқан. Экспорт көлемі 24 млрд, ал импорт көлемі 20,9 млрд доллар болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында: Ресей (6,6 млрд $), Қытай (6 млрд $), Германия (1 млрд $), АҚШ (0,9 млрд $), Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) болды. Қазақстан экспортының негізгі бағыттары: Қытай (4,9 млрд $), Италия (4 млрд $), Ресей (2 млрд $), Түркия (1,7 млрд $), Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды.
"2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштер Қазақстанның сыртқы саудасында оң динамиканың сақталғанын және негізгі халықаралық серіктестермен тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді", - деді бюро сарапшылары.
