Синоптиктер 21 маусымда жексенбі күні Астана, Шымкент және Қазақстанның 16 облысында қатты ыстық пен өрт қаупі жоғары болатынын ескертті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылорда облысының шығысында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыс бойынша күндіз қатты ыстық 40-42 градус болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында қатты ыстық 40 градус күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарда аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыста, оңтүстікте, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде күндіз қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында жел оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, кейде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35-36 градус сақталады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде солтүстікте, шығыста, күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша күндіз қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе қаласында кейде жаңбыр, найзағай күтіледі.
Астанада күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша күндіз қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз қатты ыстық 35-37 градус, батыста, оңтүстікте өте қатты ыстық 40-41 градус. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз қатты ыстық 35-37 градус күтіледі.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, батыста, солтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша күндіз қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, түнде таулы аудандарда, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Тараз қаласында таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, солтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, батыста, солтүстікте, орталықта кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, батыста, солтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жаңбыр, найзағай, кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде күндіз қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қаласында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысында күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35 градус. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында кейде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, күндіз батыста, солтүстікте екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35 градус, облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық 40 градус күтіледі. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыста екпіні 15-18 м/с. Облыста күндіз қатты ыстық күтіледі.
