Қазақстанның бірқатар аймақтарында қар жаууы ықтимал, деп ескертті Қазгидромет. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктері аудандарында жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында жауын-шашын, түнде кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман болуы ықтимал.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын, қар жауады деп күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, қар түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын, қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман.
Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын, қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай облысында қар аралас жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қар аралас жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі.
Ақмола облысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр күтіледі, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
