Қазақстанның бес облысында 23 қазан кешкісінен бастап ауа райының нашарлауына байланысты жазғы шиналармен жүретін барлық көлік түрлеріне шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шектеулер шамамен 24 қазан сағат 06:00-де алынады деп жоспарланып отыр.

Павлодар облысы

Павлодар облысында шектеулер сағат 21:00-ден бастап барлық бағыттарда енгізіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында сағат 21:00-ден бастап екі учаскеде қозғалыс шектеледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысында сағат 21:00-ден бастап «Астана — Шидерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» тас жолының 159-200 шақырымында, яғни Ерейментаудан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралықта шектеулер қолданылады.

Абай облысы

Абай облысында сағат 21:00-ден бастап «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсанды айналып өту — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютюбе өткізу пункті)» тас жолының 587-733 шақырымында, яғни Павлодар облысының шекарасынан Семейге дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.

Сағат 21:30-дан бастап Абай облысында шектеулер тағы төрт учаскеге таралады.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысында сағат 21:30-дан бастап келесі учаскелерде қозғалыс шектеледі.

Жолдардағы жағдайды 1403 колл-орталығының нөмірі бойынша тәулік бойы нақтылауға болады.

Бұған дейін «Курсив» 24-26 қазан мерекелік демалыс күндері синоптиктер Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында қар, тұман және көктайғақ болады деп болжағанын жазған. Шығыстың таулы аудандарында түнде -13…-18 градусқа дейін суық болады деп күтілуде.