Сенбі Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 35-39 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында 38-42 градус, Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысында 43-45 градус, Қызылорда, Түркістан облыстарында 45-48 градус, Алматы, Жетісу облыстарында 40-45 градус, Ұлытау облысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен шығыста қатты жаңбыр жауады, күндіз батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ, дауылды жел күтіледі.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша күндіз еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл болып, желдің күшеюі болжанады.
Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман болады деп болжанады.
Бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Құрғақ әрі ыстық ауа райына байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артады.
