29 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Петропавл және Көкшетау тұрғындарына жол жүруді жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфераның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымықтық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ туындаған кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін «Курсив» Қазақстанның сегіз облысы 29 қыркүйекті қыраумен қарсы алатынын жазған болатын.