Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің бірнеше өңірінде ауқымды арнайы операция жүргізіп, қарулы қылмыстық топтың жолын кесті.
4 ақпанда өткен іс-шара барысында қару-жарақ сақтау, ұрланған көліктерді заңдастыру және басқа да ауыр қылмыстармен айналысқан топ мүшелері ұсталды.
ҰҚК мәліметінше, операция бір мезгілде Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында жүргізілген.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде барлығы 20 адам қолға түсіп, олардың 10-ы сот санкциясымен қамауға алынды. Күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі және ірі көлемде ақша тәркіленді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Фото: Әлеуметтік желілерден
