Қазақстанның 17 облысында 12 маусымға дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы «Казгидромет» РМК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде — аздаған жаңбыр мен найзағай. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың солтүстігінде және шығысында күндіз 15-18 м/с дейін күшейеді. Күндіз қатты ыстық 35-36 градусқа дейін жетеді. Атырауда күннің соңында аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз қатты ыстық 35 градусқа дейін күтіледі.
Алматы облысының тау бөктеріндегі және таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15 м/с дейін күшейеді. Күндіз облыстың солтүстігінде қатты ыстық 35 градусқа дейін күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 12 маусым күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Іле Алатауы тауларында, Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және желдің екпіні 15 м/с дейін болжанады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс және батыс желі күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, төтенше батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желі облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, солтүстікте, батыста және орталықта төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте 12 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде және шығысында түнде аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және орталығында тұман болжанады. Батыс және солтүстік-батыс желі облыстың орталығында 15-18 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі облыстың шығысында 15-20 м/с дейін, кейде 23-28 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік және солтүстік-шығыс желі күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-18 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша жаңбыр мен найзағай, батыста, солтүстікте және оңтүстікте бұршақ пен құйын болжанады. Оңтүстік желі облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, батыста және оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр мен найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік желі 15-20 м/с дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және құйын күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз екпін 25 м/с жетеді. Облыс бойынша қатты ыстық 35 градусқа дейін сақталады. Сондай-ақ жоғары өрт қаупі, батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпін 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және құйын болжанады. Оңтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз екпін 25 м/с жетеді. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 35 градусқа дейін сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпін 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде түнде аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз жаңбыр мен найзағай, солтүстікте және шығыста бұршақ пен құйын күтіледі. Оңтүстік-батыс және оңтүстік желі таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с дейін, кейде 23 м/с дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс және оңтүстік желі күндіз 15 м/с дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай, орталығында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс және батыс желі таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде және таңертең аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс және батыс желі күндіз 15 м/с дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр мен найзағай, батыста, солтүстікте және шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және құйын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыс желі облыстың оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желі күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында күшейеді.
