27 қазан күні Қазақстанның 16 өңірінде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы болып өтті. Бұл жолғы науқан бұрын мандатын тапсырған немесе қызметінен кеткен депутаттардың бос орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ сайты.

71 депутат сайланады

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметінше, бұл кезектен тыс сайлауда барлығы 71 депутат сайланатын болады. Оның ішінде:

  • 014 облыстық мәслихат депутаты;
  • 0215 қалалық мәслихат депутаты;
  • 0352 аудандық мәслихат депутаты.

ОСК: Сайлау қалай ұйымдастырылды?

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, бұл саяси науқанды өткізуге жалпы 429 сайлау комиссиясы қатысты. Олардың ішінде:

  • 0116 аумақтық комиссия;
  • 0258 аудандық және қалалық комиссия;
  • 0370 округтік комиссия;
  • 04285 учаскелік комиссия бар.

Сайлауды ұйымдастыруға барлығы 2 750 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, Орталық комиссия мүшелері сайлау барысын тексеру мақсатында 13 өңірде болды.

Кезектен тыс сайлау науқанының ресми қорытындысы 1 қарашада жарияланады деп күтілуде.