Қазақстаннан Ресейде өтетін әскери оқу-жаттығуларға әскери техника жөнелтіледі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды дүрбелең туғызбауға және тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚШҰ-ның үш оқу-жаттығуы өтеді

24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) үш оқу-жаттығуы – «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу – 2026» және «Эшелон – 2026» өтеді.

«Оқу-жаттығуларға дайындық және оларды өткізу кезеңінде, яғни 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында, Қазақстаннан Ресейдің Мисящ станциясына және кері қарай теміржол арқылы әскери техника мен жеке құрам жөнелтіледі», – деп хабарлады министрлік.

Далалық сабақтар мен саптық дайындық

Оқу-жаттығулар барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында саптық дайындық, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау жұмыстары пысықталады.

Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлығы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды

«Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерге сүйенуді сұраймыз», – деді Қорғаныс министрлігі.

Айта кетері, «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу – 2026» және «Эшелон – 2026» оқу-жаттығулары ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен тұрақты түрде өткізіледі.